wrestling

“Кірмелер” һәм күрес

Есей Жеңісұлы ағаның мына мақаласы ойда жүрген нәрсені дөп басыпты. Әсіресе, күрестің жағдайы туралы ойы орынды. Күрес туралы аз-маз тарқатып айтар болсақ, біраз қызықты деректі көруге болады. (more…)

кения

Кения желаяқтары

«Нұр Астана» газетінде жүргенде ара-тұра спортқа қатысты танымдық мақала жариялап тұратын едік. Соның бірі – Кения желаяқтары туралы еді. Бізде практикада өтіп жүрген Нұргүл деген қыз қара құрлықтың қара маржандары туралы көлемді мақала жазған еді. Группаластарымның арасынан кениялық студенттерді кездестіргенде, сол мақала есіме түсіп, білімімді жайып салғаным бар-ды. Елін мақтағанды кім жек көрсін?! Кениялықтармен жақсы дос болып кеттім. Никсон деген бір группаласым, тіпті, мен естімеген жаңалықты айтты. Кениялық желаяқ спортшылардың басым бөлігі Каленжин деген тайпаның өкілдері екен. (more…)

кездейсоқ журналистика

Кездейсоқ журналистика – цензураны тоқтататын құрал

Кейінгі уақытта интернетте қарапайым адамдар тарапынан түрлі жағдайда түсірілген, түрлі видеоларды көріп жүрген шығарсыздар. Жаңаөзендегі видео материалдар, Тараздағы оқиғалар, Шымкентте, Семейде – осылай тізімді жалғастыра беруге болады. (more…)

money

Кім кедей, кім бай?

The Economist, Forbes секілді журналдар әлемнің әр еліндегі өмір сүру құны туралы деректерін жариялап отырады ғой. Соларға сүйенсек, Үндістан – әлемдегі өмір сүру құны ең төмен мемлекет. Алайда аталған журналдардың деректері қаншалықты жергілікті халықтың өмір сүру құнын көрсетеді? Осыны тексеріп көру үшін қарабайыр есептеу әдісін қолданған едім. (Сондықтан төмендегі деректерді 100 пайыз сенімді деуге келмейді, алайда 70-80 пайыз шындыққа жақын). (more…)

La-Liga-2015-16-Live-Broadcast-TV-channels

Үздіктер өзара қалай ойнап жүр?

Таяуда “Реал” өз алаңында “Атлетикодан” ұтылып қалды. Қазір “меренгтер” көш басындағы “Барселонадан” 12 ұпайға, “үндістерден” 5 ұпайға қалып келеді.

Түрлі статистикаларды қарап отырып, қызық дерекке тап болдым. (Әлбетте, мұны Барсафанның жазбасы деп қабылдаңыз). Соның өтірік-шынын анықтау үшін аздап ойын нәтижелеріне көз жүгірткен едім. (more…)

Қанат Ислам

Қанатты “қазақтың көрген қиыншылығы” ретінде көрсете беруді қою керек

Galymzhan Orazymbetтің жазбасынан кейін Қанат Исламның “Сырласуын” көріп шықтым. Қанатты “Астанада” “сырласты” деп атын дабырайтпасаң, соншалықты жаңа ештеңе айтқан жоқ. Журналистің сұрақтары сол баяғы Қанатты ұлтшылдықтың символы ретінде санап, қазақтарды бәрінен қиыншылық көретін байқұс халық деп есептейтін таптаурын жолдан асып кете алмапты, өкінішке қарай. (more…)

tramplin almaty

Трамплин салудің қажеті жоқ еді…

Кейде маған Қазақстандағы жасалған шаралар мен салынған ғимараттар Крыловтың ертегісіндегі шегірткенің әрекетін еске түсіреді. Мысалы, Алматыдағы трамплиннен секіру комплексі. Не үшін керек еді?

tramplin almaty

Әлбетте, халықаралық қысқы ойындарды өткізу үшін мұндай спорттық арена керек. Ешкім трамплиннен секіруді қысқы спорт түрінен алып тастаған жоқ. Алайда осы ғимарат кенже қалған қысқы спортымызды дамыта ма? “Екі қос уысым бір килә” деп ұра берейін десек, трамплиннің бағасы арзан түскен жоқ. Бағасы – 38,2 миллиард теңге (доллардың бұрынғы бағамымен 200 миллионнан көп). Тіпті әлемдегі санаулы спорттық аренаның бірі болса да, бұл – үлкен сома. Мұны бір деңіз. Екіншісі тағы бар.

Қысқы Олимпиадада сарапқа салынатын алтын медаль саны 100-ге жуық. (Сочиде 98 сайыс болса, Пхёнчханда 102 сайыс өтеді). Енді осы медальдардың 4-еуі ғана трамплиннен секіруге арналған. Оның өзінде төртіншісі өткен Олимпиада қосылды. Енді, осы спорт саласында жетістікке жетіп жатсақ мейлі екен. Бірақ, әлем чемпионатында, әлем кубогында, Олимпиадада медальді қаптап әкететін скандинавиялықтар қазақтарды маңайына жуытады дегенге сену қиын.Трамплиннен жазда да секіруге мүмкіндік бар. Дегенмен жазғы түрі танымал емес. Ендеше, 38 миллиард теңгені “қашпаған қара сиырдың уызынан” дәметкендей медаль алу ықтималдығы өте төмен спортқа шашып жіберудің қажеті қанша? Қалтаға қаржы симай бара жатса, жұмсайтын басқа жерлер де бар еді ғой. (Мәселен, қытайлар қырғыздарға 60 миллион долларға бензин өңдейтін зауыт салып берді. Трамплин салуға жұмсаған қаржыға 3 нпз ашуға болатын еді). Әйтеуір, трамплинді салып жатқанда мұнайдың бағасы қымбат еді.

Жалпы спортты дамыту халықтың денсаулығы мен елдің атын шығару үшін керек ғой. (Сәлем, “Астана”). “Сұңқар” трамплин орталығында болып көргенім жоқ. Интернеттегі мағұлматқа қарасам, ол жақта концерт өтіп, адамдар батутпен сырғанап жүр екен. Қысқасы, халық өз мақсатында пайдаланып жатқан жоқ.

Айтпақшы, 27-28 ақпан аралығында трамплиннен секіруден Халықаралық Қысқы Спорт Федерациясы әлем кубогының кезекті кезеңі тұңғыш рет Алматыда өтпек. Уақыт бөліп көріп қайтсаңыздар болады.

men women

Мифті жоққа шығару: еркек vs әйел

Қазақстанда 1 еркектің басына 8 қыздан келеді деген қалыптасқан пікір бар ғой. Бүгін осы пікірдің, нақтысы мифтің өтірік екенін дәлелдеп бермекпін. (Әрине, кез келген еркек секілді қыздарды шертіп жүріп таңдағым келеді-ақ. Алайда статистика бұған жол бермей тұр).

Әуелі халықтың санынан бастайық. (Бұл жазбада Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің ресми деректері қолданылады). Қазақстан халқының саны 17,5 миллионға жақындап қалды. Қуантатын көрсеткіш бұл. Соңғы жеті жылдағы деректерге қарасақ, халық санына тұрақты түрде өсіп отырғанын көреміз. Яғни, осы уақыт аралығында Қазақстан азаматтары 1,5 миллионға дейін көбейген. (more…)