Month: January 2016

Трамплин салудің қажеті жоқ еді…

Кейде маған Қазақстандағы жасалған шаралар мен салынған ғимараттар Крыловтың ертегісіндегі шегірткенің әрекетін еске түсіреді. Мысалы, Алматыдағы трамплиннен секіру комплексі. Не үшін керек еді?

tramplin almaty

Әлбетте, халықаралық қысқы ойындарды өткізу үшін мұндай спорттық арена керек. Ешкім трамплиннен секіруді қысқы спорт түрінен алып тастаған жоқ. Алайда осы ғимарат кенже қалған қысқы спортымызды дамыта ма? “Екі қос уысым бір килә” деп ұра берейін десек, трамплиннің бағасы арзан түскен жоқ. Бағасы – 38,2 миллиард теңге (доллардың бұрынғы бағамымен 200 миллионнан көп). Тіпті әлемдегі санаулы спорттық аренаның бірі болса да, бұл – үлкен сома. Мұны бір деңіз. Екіншісі тағы бар.

Қысқы Олимпиадада сарапқа салынатын алтын медаль саны 100-ге жуық. (Сочиде 98 сайыс болса, Пхёнчханда 102 сайыс өтеді). Енді осы медальдардың 4-еуі ғана трамплиннен секіруге арналған. Оның өзінде төртіншісі өткен Олимпиада қосылды. Енді, осы спорт саласында жетістікке жетіп жатсақ мейлі екен. Бірақ, әлем чемпионатында, әлем кубогында, Олимпиадада медальді қаптап әкететін скандинавиялықтар қазақтарды маңайына жуытады дегенге сену қиын.Трамплиннен жазда да секіруге мүмкіндік бар. Дегенмен жазғы түрі танымал емес. Ендеше, 38 миллиард теңгені “қашпаған қара сиырдың уызынан” дәметкендей медаль алу ықтималдығы өте төмен спортқа шашып жіберудің қажеті қанша? Қалтаға қаржы симай бара жатса, жұмсайтын басқа жерлер де бар еді ғой. (Мәселен, қытайлар қырғыздарға 60 миллион долларға бензин өңдейтін зауыт салып берді. Трамплин салуға жұмсаған қаржыға 3 нпз ашуға болатын еді). Әйтеуір, трамплинді салып жатқанда мұнайдың бағасы қымбат еді.

Жалпы спортты дамыту халықтың денсаулығы мен елдің атын шығару үшін керек ғой. (Сәлем, “Астана”). “Сұңқар” трамплин орталығында болып көргенім жоқ. Интернеттегі мағұлматқа қарасам, ол жақта концерт өтіп, адамдар батутпен сырғанап жүр екен. Қысқасы, халық өз мақсатында пайдаланып жатқан жоқ.

Айтпақшы, 27-28 ақпан аралығында трамплиннен секіруден Халықаралық Қысқы Спорт Федерациясы әлем кубогының кезекті кезеңі тұңғыш рет Алматыда өтпек. Уақыт бөліп көріп қайтсаңыздар болады.

Мифті жоққа шығару: еркек vs әйел

Қазақстанда 1 еркектің басына 8 қыздан келеді деген қалыптасқан пікір бар ғой. Бүгін осы пікірдің, нақтысы мифтің өтірік екенін дәлелдеп бермекпін. (Әрине, кез келген еркек секілді қыздарды шертіп жүріп таңдағым келеді-ақ. Алайда статистика бұған жол бермей тұр).

Әуелі халықтың санынан бастайық. (Бұл жазбада Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің ресми деректері қолданылады). Қазақстан халқының саны 17,5 миллионға жақындап қалды. Қуантатын көрсеткіш бұл. Соңғы жеті жылдағы деректерге қарасақ, халық санына тұрақты түрде өсіп отырғанын көреміз. Яғни, осы уақыт аралығында Қазақстан азаматтары 1,5 миллионға дейін көбейген. (more…)

Сұрмергендер: кім мықты?

Бұйыртса бір аптадан кейін «Алтын доптың» иегері анықталады. Көпшілік бір ауыздан өткен жылдың үздігіне іштей келісетін секілді. Тіпті, былтырғы «Алтын доптың» иегері Криштиану Роналдудың өзі Лионель Мессидің ең үздік марапатқа лайық екенін айтып үлгерді. Ал Неймардың командаласының қасында атақ-абыроймен қоса шеберлігі де бір саты төмен әзірге. Ендеше, «Алтын доптың» иегерін анықтауға бал ашудың қажеті шамалы. Осы орайда, өткен жылды керемет өткізген шабуылшыларға тоқтала кеткенді жөн көрдік. (more…)